Қазақстан мүсіні қоры – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинақтамасындағы қызықты бөлімдердің бірі. Онда іргелі кәсіби мектебімен, шеберлігімен ерекшеленетін суретшілердің шығармашылығымен таныстырады. Олар – Х. Наурызбаев, И. Иткинд, Е. Мергенов, П. Усачев, Б. Төлеков, Е. Сергебаев, В. Рахманов, О. Прокофьева, М. Рапопорт, А. Есенбев, Э. Казарян және та.б. көптеген мүсіншілер.
«Мүсін – арнайы мәнерлі үш өлшемді нысанмен байланысқан бейнелеу өнерінің жалғыз тармағы»
Мүсін өнерінің негізіне сезім, дене, салмақ және форманың материалдық сапасы принципі алынған. Яғни көрермен залда жүріп-ақ, мүсінді айналдыра қарап шығып, оның барлық жағынан көре алу мүмкіндігіне қолы жетеді. Мүсіндік туындыларға шолу жасауға біздің сайтымызда көрсетілген 3d функциясы виртуалды түрде осындай мүмкіндік береді. Бұл мүсінді түсініп, оны зерттеудің, техникалық тәсілдердің сан алуан түрін ұғынудың ең жақсы тәсілдерінің бірі.
Жанрлардың сан алуандығы, шығармашылық даралықтың байлығы, және сондай-ақ туындылардың жасалған материалдарының көптігі – мәрмәр, қола, ағаш, шамот, күйдірілген саз балшық (терракота) және т.б. көрсетілген.
Еркін, түрліше және өзіндік пластикалық тілмен жасалған мүсіндік туындылар сіздердің ойланып-толғануларыңызға мол септігін тигізуі тиіс.